«Лаңкестердің әрекетіне қарсымын және барлық мұсылман елдерінің лидерлерін олармен күресу үшін бірыңғай майдан құруға шақырамын», - деді Эрдоған.
Сондай-ақ, Түркия Президенті «барлық мұсылмандар - лаңкес» деген мәлімдемені сынға алды. Оның сөзіне қарағанда, кез келген дін өкілі жаман адам болуы мүмкін, «Ислам мемлекетін» исламмен байланыстыратындар қателеседі.
Осыған дейін Эрдоған гуманитарлық жауапкершіліктен құтылу үшін Еуропадағы көші-қон дағдарысын терроризмнің жаһандық қаупімен байланыстыруға болмайтынын айтқан.
13 қарашада кешке Парижде лаңкестік шабуылдар орын алды. Соңғы мәліметтерге қарағанда, 129 адам қаза тапты, жапа шеккендердің саны 352 адамды құрайды, 99-ның жағдайы ауыр.
«Ислам мемлекеті» - бірқатар елде тыйым салынған лаңкестік топ.