Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институттары бірлесе жұмыс істемек - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институттары бірлесе жұмыс істемек

Түркия, Қырғызстан, Әзербайжан және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институттары бірлесе жұмыс істемек

Бүгін елордадағы «Hilton garden inn Astana» қонақ үйінде «Еуразияның көліктік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты халықаралық конференция өтті.

  • 20 Сәуiр 2015
  • 475
Фото - Caravan.kz

 Шара аясында Түркия, Қырғызстан, Әзірбайжан және Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институттарының директорлары өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

«Бүгін 4 мемлекеттің Стратегиялық зерттеулер интституттары ортақ меморандумға қол қойып отырмыз. Осы уақытқа дейін, шыны керек, аса қатты белсенді қатынас болған жоқ. Мысалы, Әзербайжанның Стратегиялық зерттеулер интститутының директоры Фархад Маммадов Астанаға бірінші рет келіп отыр. Енді, осы олқылықты түзетіп, жиі әріптестік байланыс орнатпақшымыз. Әр түрлі ұсыныстарымызды жасаймыз. Мамандарды дайындау бойынша ортақ бағдарлама қабылдауға келістік. Нақты жұмыс жоспарын 2 аптадан кейін Баку қаласында қабылдайтын боламыз», — дейді Стратегиялық зерттеулер интститутының директоры Ерлан Қарин.

Оның атап өтуінше, бұл меморандум туралы ұсынысты Қазақстан тарапы жасаған. Келесі басқосу енді 8 мамырда Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өтеді. Негізгі талқылаулар, өзекті мәселелер сол жерде шешілетін болады.