Түркия үкімет басшысы 20 тамызда бір күндік сапармен Әзербайжанға барады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия үкімет басшысы 20 тамызда бір күндік сапармен Әзербайжанға барады

Түркия үкімет басшысы 20 тамызда бір күндік сапармен Әзербайжанға барады

Баку. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Түркия үкімет басшысы Реджеп Тайип Эрдоган 20 тамызда бір күндік ресми сапармен Әзербайжанға барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Түркия елшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 19 Тамыз 2008
  • 314
Фото - Caravan.kz

«Сапар бір күнге созылатын бір күндік қана. Сапар барысында Р. Эрдоган Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен кездеседі, оның барысында тараптар Оңтүстік Кавказда қалыптасқан жағдай, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Грузияда кейінгі кезде болған оқиғаларды ескере отырып, Әзербайжан, Грузия мен Түркияны өзара байланыстырып жатқан мұнай құбырларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін талқылайды», — делінген хабарламада.

Түркия үкімет басшысы өткен аптада Грузияға жасаған сапары барысында Оңтүстік Осетияның төңірегіндегі оқиғаларға қатысты алаңдаушылық білдіріп, Кавказда бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін «Бейбітшілік пактісі» атты тұғырнама құру қажеттігін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар