Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+5 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келді

Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келді

Бүгін, 26-мамырда Түркия үкімет басшысы Реджеп Эрдоган екі күндік ресми сапармен елімізге келді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Мамыр 2005
  • 435
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында Түркия үкімет басшысы Астана мен Алматыда болады.

Бүгін ол республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездеседі. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сол күні Р.Эрдоган ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен жүздеседі.
Түркия үкімет басшысы республика Елордасындағы Түркия елшілігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсіміне және бизнес-форумның ашылуына қатысады.
27-мамыр күні таңертең Р.Эрдоган Алматыға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі. Сол күні Түркия үкімет басшысы «Жібек жолы» атты поезд ішіндегі көрменің ашылу рәсіміне қатысады.

Перейти к новостям спорта