Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді

Түркия үкімет басшысы ресми сапармен елімізге келеді

26-27-мамырда Түркия үкімет басшысы Реджеп Эрдоган ресми сапармен елімізге келеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Мамыр 2005
  • 464
Фото - Caravan.kz

Сапардың алғашқы күні Түркия үкімет басшысы Астанаға ат басын тіреп, онда республика үкімет басшысы Даниал Ахметовпен кездеседі. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде. Сол күні Р.Эрдоган ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен жүздеседі.

Түркия үкімет басшысы республика Елордасындағы Түркия елшілігінің жаңа ғимаратының іргетасын қалау рәсіміне және бизнес-форумның ашылуына қатысады.
27-мамыр күні таңертең Р.Эрдоган Алматыға келіп, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен жүздеседі. Сол күні Түркия үкімет басшысы «Жібек жолы» атты поезд ішіндегі көрменің ашылу рәсіміне қатысады.

Перейти к новостям спорта