Түркияда алматылық футболшылар Львов құрамасын 3:1 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда алматылық футболшылар Львов құрамасын 3:1 есебімен ұтты

Түркияда алматылық футболшылар Львов құрамасын 3:1 есебімен ұтты

Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Қайрат» пен «Погонь» футбол клубтары жолдастық кездесу өткізді.

  • 1 Наурыз 2012
  • 401
Фото - Caravan.kz


Онда алматылықтар Польшаның Львов қаласындағы құрдастарын 3:1 есебімен жеңді. Дмитрий Огай жатттықтыратын «Қайрат» футбол клубының бұл биылғы жаңа маусымға дайындық кезінде Түркияда өткізген соңғы жолдастық кездесуі болып отыр. Олар бүгін түнде кешкі әуе рейсімен елге оралмақ. Бұған дейін 19-ақпанда Сербияның Бірінші лигасындағы Печинци қаласының «Доньи Срем» командасына 0:3 есебімен ұтылып, Ресейдің 1-дивизионындағы Калининградтың «Балтикасымен» тең түсті. Одан кейін 22-ақпанда Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін «Волынь» командасынан 1:2 боп ұтылып, Ресейдің Екінші дивизионындағы Белгородтың «Салют» командасымен 0:0 боп тарасты. Ал 25-ақпанда Ресейдің Бірінші лигасында өнер көрсететін Химки қаласының командасынан 0:1, келесі күні Иранның Исфахан қаласының «Сепахан Спорт» командасынан 1:5 есебімен ойсырай ұтылған болатын.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера