"Лұт пайғамбардың заманында бір елді тас басып қалғанын білесіздер. Міне, тарих қайталануда" депті Әбдірейім Өміров.
Оған пікір жазушылар табиғаттың тосын құбылысынан шошып отыр. "Қай уақытта болса да, жауғаны ақиқат. Меніңше, аспандағы метеорит қирап ұсақталып, жерге түскен. Егер елді мекенге түссе не болар еді… Алла сақтасын!" дейді желі қолданушыларының бірі.