Жарияланды: 610

Түркияда болған жол апаты салдарынан 17 жастағы павлодарлық қыз ес-түссіз жатыр

Түркияның Кемер қаласында болған жол-көлік апатында Павлодар қаласының 17 жастағы тұрғыны зардап шекті, оның туған-туыстары Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық қызметінен көмек сұрап отыр, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.

Бойжеткен Антальяға Астанадан туристік топпен бірге 4 шілдеде аттанған. Журналистерге зардап шеккен қыздың отбасының досы Нұржан Сүлейменов хабарлағандай, апат бейсенбі күні болған. «Кемер қаласындағы қонақ үйдің қасында жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан Дариғаны жеңіл автокөлік қағып кеткен. Түрлі жарақаттар алған ол «Яшам Хастанеси» клиникасына жеткізілді. Ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылды», - деді Н.Сүлейменов. Оның айтуынша, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетпек болған. «Бірақ кейін ұсталды, ал қыздың туғандары дипломатиялық қызметтің өкілдерімен байланысқа шыға алмай, алаңдап отыр, дипкорпустың телефондарына ешкім жауап бермейді», – деді Н. Сүлейменов.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін