Түркияда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауылшаруашылығы министрлерінің екінші кездесуі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауылшаруашылығы министрлерінің екінші кездесуі өтті

Түркияда Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауылшаруашылығы министрлерінің екінші кездесуі өтті

6-7-желтоқсанда Түркияның Анталья қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің ауылшаруашылығы министрлерінің екінші кездесуі өтті.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

Әзербайжан ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, мәжіліске қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі, кедейлікті азайту, қуаңшылық пен шөлейттенудің алдын алу, үй жануарларының ауруларымен тиімді күрес жүргізу үшін қауіпсіз аймақтар құру, жиналған түсімді сақтауға бағытталған қазіргі заманғы технологияларды тарату мәселелерін талқылады.

Сонымен бірге, өңдеу өнеркәсібін дамыту, суды тиімді пайдалану, ауылшаруашылығындағы жаңа өсімдік сорттарының гендік қорын қорғау, халықаралық заңдар мен ережелерді келісу мәселелері де сарапқа салынды. Ауылшаруашылығы ғылымы саласындағы екі жақты және аймақтық ынтымақтастық мәселелері бойынша да пікір алмасылды.
Әзербайжан атынан бұл шараға министр Исмет Абасов қатысты.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1985-жылы Иран, Түркия және Пәкістан мемлекеттері бірлесіп құрған. 1992-жылы бұл ұйымға Ауғанстан мен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды бұрынғы Кеңестік республикалар бірікті. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты — мүше-мемлекеттер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласындағы аймақтық байланыстарды нығайту болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер 300 млн халқы бар 7 млн. шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Ұйымның бас пәтері Тегеранда орналасқан.

Перейти к новостям спорта