Түркияда елші Карловты өлтіру ісі бойынша екі адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда елші Карловты өлтіру ісі бойынша екі адам қамауға алынды

Анкара соты Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлтірілуін тергеу аясында екі ұсталғанды қамауға алу туралы шешім шығарды, деп хабарлайды РИА Новости Anadolu агенттігіне сілтеме жасай отырып. 

Карловты өлтіру ісі бойынша полиция қызметкері Серджан Башар және кәсіпкер Энес Асим Силин қамауға алынды.  Жалпы Түркия астанасының прокуратурасы сәрсенбі күні қылмысқа қатысы бар деген бірнеше күдіктіден жауап алды. Башар және Силинмен қатар тергеушілердің сұрақтарына адвокат Серкан О, полиция қызметкері Гасан Т және жоғары оқу орынның оқытушысы Абдулкадир Ш. Жауап берді. Жауап алудан кейін Абдулкадр Ш қамаудан босатылды. Ал Башар мен Силин сот шешімімен қамауға алынып, "Синджан" түрмесіне жіберілді.  19 желтоқсан күні Ресей елшісі Түркия астанасындағы фотокөрменің ашылу салтанатында қаза тапты. Шабуыл кезінде тағы да үш адам зардап шекті. Ресейдің сыртқы істер министрлігі болған оқиғаны теракт деп бағалады. 

  • 19 Қаңтар 2017
  • 526
Фото - Caravan.kz

Соңғы жаңалықтар