Жараланған автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.
Оқиға болар алдында «Фенербахче» Ризада «Ризеспор» клубын 5:1 есебімен ойсырата жеңген.
Бастапқыда Трабзон қаласының билігі автобусқа тас лақтырылғанын хабарлаған, алайда клубтың өкілі көлікке оқ атылғанын мәлімдеді. Кейін қала басшысы да қарулы шабуыл екенін растады. Түркия Үкіметінің басшысы Ахмет Давутоғлы қылмыс жасағандарды айыптап, мұқият тергеу жүргізілетінін айтты.
Футбол командасы мүшелерінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Қазіргі кезде спортшылар Түркия астанасына келді. Әуежайда футболшыларды жанкүйерлері күтіп алды.