Ұсталған азаматтың аты-жөнін құқық қорғау органдары жарияламады. Белгілісі, ол 6 қаңтар күні Түркияның батысындағы Маниса провинциясында 4 адам болып қолға түскен. Сот олардың бәрін тергеу аяқталғанша түрмеде ұстауды ұйғарыпты.
Айта кетейік, былтыр 2 қазан күні Измир қаласында Гүленнің інісі ұсталған болатын. Одан бір апта бұрын полицейлер діндардың жиен қарындасын қамауға алған.
Фетхулла Гүлен 1999 жылдан бері елден қашып, АҚШ-та тұрып келеді. Былтыр 15 шілдеде орын алған Түркиядағы әскерилердің көтерілісіне ел билігі Гүленді айыптауда.