Түркияда ішімдіктен уланған тағы бір демалушы қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда ішімдіктен уланған тағы бір демалушы қайтыс болды

Түркияда ішімдіктен уланған тағы бір демалушы қайтыс болды

Ресейде Түркияда жүріп ішімдіктен уланған тағы бір демалушы қайтыс болды. 22 жасар Марина Шевелева кеше кешке Мәскеу ауруханаларының бірінде көз жұмған.

  • 2 Маусым 2011
  • 430
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек,бұған дейін Бодрумда яхтамен серуенге шығып,ішімдіктен уланған 20 адамның екеуі қайтыс болған еді. Олар — Ресей азаматшалары Мария Шаляпина мен Айгүл Заляева. Мәліметтерге қарағанда қазір Түркия ауруханаларында ішімдіктен уланған бес адам жатыр, олардың екеуі жан сақтау бөлімінде; қалғандары айығып шығып кеткен. Осы тұста түрік тәртіп сақшылары жәбір шеккендердің өздеріне айып тағуы мүмкін деген ақпарат тарауда. Себебі:заңға сәйкес,яхтада градусы тым жоғары ішімдік ішуге тыйым салынған, сонымен қатар олар кеменің мәзірінде де болмапты. Осыған байланысты түрік тергеушілері демалушылар ішімдікті бортқа өздерімен бірге алып келген деп отыр. 

Соңғы жаңалықтар