Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлап отыр.
Енді Түркия конституциясына 18 түзету енгізіледі. Олар президентті парламент шешімімен емес, тікелей дауыс берумен сайлауға мүмкіндік береді. Одан бөлек, премьер-министр лауазымы қысқартылып, министрлерді тағайындау құқығына президент ие болады. Сонымен бірге, мемлекет басшысы парламентті таратып, төтенше жағдай енгізе алады.
Еске сала кетсек, дауыс беру 16 сәуірде өтті.