Түркияда лаңкестік және экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық конференция ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда лаңкестік және экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық конференция ашылды

Түркияда лаңкестік және экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық конференция ашылды

Бүгін, 17-қарашада Түркияның Анталья қаласында лаңкестік және экстремизммен күрес мәселесіне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ашылды. Форумды Еуразия аймағы халықтарының өкілдерін біріктірген "Еуразия диалогы тұғырнамасы" халықаралық қоғамдық ұйымы ұйымдастырып отыр,- деп хабарлайды.

  • 17 Қараша 2004
  • 552
Фото - Caravan.kz

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бас қосудың басты мақсаты — трансұлттық сипатқа көшкен саяси экстремизм және лаңкестік тәрізді құбылыстармен күреске ғаламдаса бірігу және ағарту болып табылады.

«Еуразия диалогы тұғырнамасы» халықаралық қоғамдық ұйымының пайымдауынша, кейбір мүдделі мемлекеттер тарапынан қолдау тауып отырған қауіп-қатерді тек халықаралық ынтымақтастықтың көмегімен ғана жоюға болады. Олардың пікірінше, дәл қазір дүниежүзілік қауымдастық үшін саяси экстремизм және лаңкестікпен күрес мәселесінде өзара мәмілеге келетін мерзім жетті.
«Еуразия диалогы тұғырнамасы» халықаралық қоғамдық ұйымы 2000-жылдың мамыр айында Стамбулда Түркия жазушылары мен журналистері қорының бастамасымен құрылған. Ұйым аймақтағы әлеуметтік, экономикалық , саяси және мәдени дамуға түрткі болатын стратегия жобасын жасауды мақсат етіп қояды. «Біздің идеология — таным мен сүйіспеншілікке, саясатымыз — таныстық пен өзара түсіністікке, ақырғы мақсатымыз — тұрмысты жақсартуға бағытталады»,- деді Түркия жазушылары мен журналистері қорының президенті Хархун Токак.
Бас қосуға Ресей, Қазақстан, Албания, Украина, Грузия, Румыния, Өзбекстан, Әзербайжан, Босния және Герцеговина елдерінен жазушылар, ғалымдар мен журналистер қатысады. Қазақстандық өкілдерді ҚР ҰҒА-ның академигі, философия және саясаттану институтының директоры Әбдімәлік Нысанбаев басқарады. Өкілдер құрамында Қазақстан журналистері одағының төрағасы Сейітқазы Матаев, ҚР ҰҒА-ның тарих институтының директоры Мәмбет Қойгелді, ҚР ҰҒА-ның корреспондент-мүшесі Асқар Жұмаділдаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің философия кафедрасының меңгерушісі Ғарифолла Есімдер бар.

Перейти к новостям спорта