Түркияда наразылық шеруі кезінде қаза болғандар саны 19-ға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда наразылық шеруі кезінде қаза болғандар саны 19-ға жетті

Түркияда наразылық шеруі кезінде қаза болғандар саны 19-ға жетті

Сәрсенбі күні Сириядағы оқиғаларға Түркияның кіріспеу саясатына қарсы наразылық шараларының барысында осыған дейін зардап шеккендермен қоса тағы екі адам қаза тапты,

  • 9 Қазан 2014
  • 461
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады Hurriyet түрік газеті.

Осылайша, наразылық шараларының барысында қаза болғандардың жалпы саны 19-ға жетті.

Жақында Түркияның Диярбекир, Мардин, Сиирт, Муш және Батман провинцияларында Сирияның Кобани қаласында болып жатқан оқиғаларға Түркияның кіріспеушілік саясатына қарсы наразылық шаралары басталды. Кобанидің көп бөлігі «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының қадағалауына өтті.

Сонымен бірге, наразылық шараларының барысында Түркия провинцияларының бірқатарында муниципалитеттердің жылжымайтын мүлкі мен жеке бизнесіне айтарлықтай зиян келді. Наразылық акцияларына негізінен провинциялардың курд халқы мен Курдистан Жұмысшылар партиясының жақтастары қатысуда.