Түркияда Құрбан айт мерекесі ерекше тойланды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда Құрбан айт мерекесі ерекше тойланды

Түркияда Құрбан айт мерекесі ерекше тойланды

Рухани байытып, бірлігімізді бекемдейтін Құрбан айт мерекесін әлемнің түкпір-түкпірінде тойлап жатыр.

  • 28 Қазан 2012
  • 405
Фото - Caravan.kz

Ал 80 мыңға жуық мешіті бар Түркия халқының 90 пайыздан астамы ислам дінін ұстанады. Бұл елде Алла разылығы үшін құрбан шалғандар биыл жылдағыдан да көп болған.

Мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айт Түркияда қазанның 25 күні басталды. Халық бір-бірін мейраммен құттықтап, Алла разылығы үшін шалды.

Жер қайысқан жұрты бар Анадолының ірі қалалары мен көшелерін көтеріңкі көңіл-күй кернеп тұрды. Құрбан айттың қадірін білетін түрік бауырларымыз мереке күндері мәдени сауық құрып, демала білетін ел екенін де көрсетті. Түрік жұртына ерекше көңіл-күй сыйлаған Құрбан айт Анкараға айрықша өң беріп тұр. Бұл мейрамның елді біріктірушілік сипаты бар екені тағы да бір дәлелденді. Түбі бір түрік бауырларымыздың діни сенімі қазаққа қатты ұқсас. Қасиетті Құрбан айтты тойлау кезінде көпшілік соған көз жеткізеді, деп хабарлады «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.

Соңғы жаңалықтар