Бұған дейін Анкара мэрі Мелих Гёкчех CNN Turk телеарнасының эфирінде 16 шілдедегі әскери төңкеріске қатысқандар арасында Су-24 ұшағын құлатқандар да бар деген еді.
2015 жылы 24 қарашада түрік бомбалаушы ұшағы Сириядағы әуе операциясына қатысқан ресейлік Су-24 ұшағын атып түсірді. Ұшқыш Олег Пешков секіріп үлгергенімен, жерге құлап қайтыс болған еді. Анкара ұшақ Түркия әуе кеңестігіне енді деп мәлімдесе, Ресей оны жоққа шығарды.
Ресейлік ұшқыштың қазасы екі мемлекеттің қарым-қатынасын суытып жіберді. Мәскеу Анкарадан кешіріп талап етіп, болмаған соң, санкция енгізді.
2016 жылы маусымның аяғында Түркия президенті Режеп Эрдоған ресейлік ұшқыштың отбасынан кешірім сұрағаннан кейін ғана, Ресей президенті Владимир Путин Түркияға туристік жолдамалдарды сату тыйымын алып тастады, бірақ бірқатар түрік тауарына енгізілген эмбарго сақталып қалды.