Түркияда содырларға қарсы әскери операция жүріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда содырларға қарсы әскери операция жүріп жатыр

Түркияда содырларға қарсы әскери операция жүріп жатыр

Түркияның оңтүстік-шығысында әскерилер «Күрдістан жұмысшы партиясының» бүлікшілеріне қарсы операция жүргізіп жатыр, - деп хабарлады http://24.kz.

  • 19 Тамыз 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

Соңғы мәлімет бойынша, қақтығыс кезінде 2 адам қаза тауып, тағы 5-еуі жарақат алған. Құрбандардың бірі Үкімет сарбазы. Әскери операцияға жалпы 700-дей жауынгер мен полицей қатысуда. Билік осы аймақта комменданттық сағат жариялаған болатын. Содырлар тас жолдарды жауып.. миналар жасырып тастаған. Құрлық әскеріне тікұшақтар мен өздігінен ұшатын құралдар арқылы көмек көрсетіліп жатыр. «Күрдістан жұмысшы партиясының» бүлікшілеріне қарсы операция өткен айда басталды. Ұрыс қимылдары аймақтың экономикалық жағдайына да әсер етіп жатқан жайы бар. Ал Шемдинли қаласында жергілікті қолөнершілер мен дүкен қожайындары атысқа байланысты жұмысқа шықпай қойған.


Селахаттин Демиртас, Халықтық-демократиялық партияның басшысы:

— Біз аймақтағы жағдайды сараптап жатырмыз. Қақтығыс болып жатқан қалалармен байланыс жасай алмай отырмыз. Онл жақта интернет, электр жарығы, ұялы телефон, тіпті су жоқ. Өкінішке орай, көптеген қалалардағы ахуал аса ауыр. Тыныштық орнату әзірге мүмкін болмай тұр.

Соңғы жаңалықтар