Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген қазақстандық келіншек жоғалып кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген қазақстандық келіншек жоғалып кетті (ВИДЕО)

Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген қазақстандық келіншек жоғалып кетті (ВИДЕО)

 

  • 26 Қазан 2021
  • 698
Фото - Caravan.kz

Түркияда түнгі клуб күзетшілерінен таяқ жеген отандасымыздан ұшты-күйлі жоғалып кетті, деп хабарлайды Caravan.kz порталы “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Ұлбосын Малғаждарова күзетшінің бірінің саусағын тістеп алғаны үшін қамалған болатын. Бірақ үш айдан бері оның не өлі, не тірі екенін білмейміз дейді туыстары.

"Таяқ жеп тұрып, тіпті сотталып кеткені бізге қатты тиіп жатыр. Қатты зардап шеккен шығар, жағдайын да білмейміз. Бір жері сынған шығар, оны да білмейміз. Шашынан сүйреп тұрып ұрған. Видеодан талып қалған жерлерін көрдік. Білмеймін, адам өлтіріп қойған жоқ қой, ол жақта үш айлап ұстайтындай. Қазақстан үкіметі бері қарай ол қызды неге шығарып бере алмайды? Тым құрыса, жазасын осы жақта – Қазақстанда өтейтіндей", — дейді оның әпкесі Феруза Ошаева.

Екі жыл бұрын ақша табу үшін Түркияға кеткен Ұлбосын Малғаждарова биыл шілдеде елге қайтуы керек болған. Бірақ ораларынан бір апта бұрын құрбыларымен дәмханаға барып, сол жердің күзетшілерімен шекісіп қалған.

Біреуі тіпті Ұлбосынның аузына қос қолын тығып жағын айырмақшы болыпты. Осы кезде 33 жастағы келіншек оның қолын тістеп алған. Осыдан кейін тепкінің астына алған жігіттер полицияға арыз түсірген. Содан бері қамауда жатқан Ұлбосынның жақындары Түркиядағы елшіліктен көмек сұрап бірнеше мәрте хат жазыпты.


Бірақ дипломаттардан мүлде жауап болмапты. Бірер күнде соты басталатын Ұлболсынның қамауда екенін кәмелетке толмаған қос қызы әлі білмейді де екен.

"Балалары сағынып жүр, күнде "анашым" деп деп, біздің жүрегіміз ауырады. Ал біздің қолдан келер ештеңе жоқ. Осындай жағдай. Елшіліктен еш хабар жоқ. Әнеу күні "мақұл" көмек береміз, звондайды" дейді. Бір апта болды, не көмек, не ештеңені көріп жатқаным жоқ. Қызымыз тірі ме, білмейміз", — дейді анасы Әлима Ошаева.