Түркияда жағдай күрт нашарлап, Ресейік туристтердің келуіне тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияда жағдай күрт нашарлап, Ресейік туристтердің келуіне тыйым салынды

Түркияда жағдай күрт нашарлап, Ресейік туристтердің келуіне тыйым салынды

 

  • 11 Тамыз 2021
  • 974
Фото - Caravan.kz

Түркияның профессоры, инфекционист Есин Давутоглу Шенол елдің туристтік аймақтарында коронавирустың асқынып, жұқтырған адамдардың саны артып кеткенін айтып, үкіметке үндеу жолдады.

Қазір туристтік орындарда вакцинациялау жұмыстары қолға алынған. Арнайы шектеулер де іске асып жатыр. Курорттық орындардағы коронавирусты жұқтырғандардың арасында Ресейліктер көш бастап тұр. Соған байланысты Ресей өкіметі де Түркияға баратын туристтерді тоқтатуды қолға алды.

Қазірдің өзінде ресейлік туристтерге Түркияның демалыс орындарына баруға тыйым салып жатыр. Ал, Түркия тарапы да ресейліктердің келуіне шектеу қойды. Себебі, коронавирус жұқтырған туристтердің аса көп бөлігі Ресейден келіп жатыр деген жорамалдар расталуда.

Қазір Анталиядағы курорттық орындар "қызық аймаққа" өтті. Онда вирус жұқтырғандардың саны өте жоғары. Қазіргі мәліметтерге қарағанда Туркияның провинцияларындағы вирус жұқтыру көрсеткіші 80 пайызға жетіп, критикалық шекте тұр. Ел өкіметі вируспен күрес жүргізу үшін арнайы шаралар қабылдап жатыр.

Соңғы жаңалықтар