Caravan Logo

Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді

Түркияда жол апатынан зардап шеккен отандастарымыз елге жеткізілді


Кеше түнде Алматы әуежайында ағайынды Тоғжан мен Шолпан Турғанбековаларға «Тау сұңқар» медициналық орталығының дәрігерлері көмек көрсетті. Олар толық елге жеткенше Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің жіті бақылауында болған.  Естеріңізге сала кетейік, оқиға 6 тамыз күні Памуккале-Анталия тасжолының бойында болған.  Апат кезінде 4 жолаушы қаза тауып, 27-сі жараланған. Марқұм болғандардың бірі – отандасымыз Аида Сарабаева.