Соңғы жарыс күнінде екі қазақстандық балуан жүлдегер атанды.
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтар болсақ, 62 келідегі Аяулым Қасымова финалда қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлде тағынды.
68 келідегі Жәмила Бақбергенова турнирдің қола жүлдесіне қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан үздік үштікке енген. Бірінші және екінші орынды тиісінше Болгария мен Түркия иеленді.