Түркиядағы "Тобыл" мен "Газ Метан" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы "Тобыл" мен "Газ Метан" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды

Түркиядағы "Тобыл" мен "Газ Метан" футбол клубтары арасындағы жолдастық кездесу аяқталды

Түркияның Белек қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қостанайдың "Тобылы" Медиаш қаласының "Газ Метан" командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 8 Ақпан 2012
  • 487
Фото - Caravan.kz

Онда өткен маусымда Қазақстан Премьер-лигасында 7-орын алған қостанайлықтар Румыния чемпионатының Бірінші лигасында 7-орын алған медиаштықтардан 2:1 есебімен басым түсті.

Сергей Масленов жаттықтыратын «Тобылдың» келесі жолдастық кездесуі 10 ақпанда өтеді. Олардың бұл жолғы қарсыласы Болгарияның Пловдив қаласының «Локомотив» командасы болмақ. Негізі 1936 жылы қаланған бұл команда Болгария чемпионатында «А» тобында өнер көрсетеді. Пловдивтіктер 2004 жылы ел чемпионаты мен Суперкубок жеңімпазы. Олар ел біріншілігінде 1974 жылы күміс, 1967, 1974, 1992, 2005 жылдары қола жүлдегер атанып, 1960, 1971, 1982 жылдары Болгария кубогының финалисі болған еді.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера