Түркиядағы жол апатынан Аида Сарабаева қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы жол апатынан Аида Сарабаева қайтыс болды

Түркиядағы жол апатынан Аида Сарабаева қайтыс болды

Түркиядағы жол апатынан қазақстандық Аида Сарабаева қайтыс болды, деп хабарлайды қазақстандық БАҚ. 

  • 7 Тамыз 2015
  • 560
Фото - Caravan.kz

«Аида Сарабаева қайтыс болды. Бұл туралы марқұмның ата-анасы хабарлады», делінген хабарламада.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатына ұшырады. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобуста қазақстандық 7 азамат: Тұрғанбекова Шолпан, 22.08.1989 ж.т., Тұрғанбекова Тоғжан, 25.04.1993 ж.т., Тілеубаева Айдын, 14.07.1999 ж.т., Тілеубаев Азамат, 25.05.1992 ж.т., Тілеубаева Гүлнара, 04.01.1966 ж.т., Цолоева Зарина, 05.11.1993 ж.т., Сарабаева Аида, 21.09.1996 ж.т., болған. А.Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. А.Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталып жатқан болатын. 


ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан азаматтарына қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар