Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың есімі белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың есімі белгілі болды

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың есімі белгілі болды

6 тамызда Памуккале-Анталия тасжолында туристік автобус жол-көлік апатына ұшырады.

  • 7 Тамыз 2015
  • 421
Фото - Caravan.kz

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, автобуста біздің 7 азаматымыз болған деп хабарлайды ҚР СІМ Баспасөз қызметі. Олар (Тұрғанбекова Шолпан, 22.08.1989 ж.т., Тұрғанбекова Тоғжан, 25.04.1993 ж.т., Тлеубаева Айдын, 14.07.1999 ж.т., Тлеубаев Азамат, 25.05.1992 ж.т., Тлеубаева Гульнара, 04.01.1966 ж.т., Цолоева Зарина, 05.11.1993 ж.т., Аида Сарабева, 21.09.1996 ж.т.). А. Сарабевадан басқасының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. А. Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталуда.

Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр, автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу жұмыстары жалғасуда.

Біздің азаматтарымызға қатысты жағдай ҚР Түркиядағы Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған. Консулдық бөлім қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан. ҚР Денизли қаласындағы Құрметті консулы қажетті жедел көмек көрсетуде. Жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда Министрлік қосымша хабарлайтын болады. 


Соңғы жаңалықтар