Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қос отандасымыз әлі ауруханада жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қос отандасымыз әлі ауруханада жатыр

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қос отандасымыз әлі ауруханада жатыр

Түркиядағы жол апатынан зардап шеккен қос отандасымыз әлі ауруханада жатыр. Дәрігерлер Шолпан және Тоғжан Тұрғанбековалардың жағдайы қалыпты дейді. Олардың бірінің жамбасы, ал екіншісінің қолы сынған болатын.

  • 11 Тамыз 2015
  • 270
Фото - Caravan.kz

Зардап шеккен тағы үш қазақстандық сенбі күні ауруханадан шығарылып, қазір қонақү йге жайғастырылған. Оларға жолдаманы сатқан туристік компания жақын күндері қайтар билетті алып береді екен. Ал бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева ауруханадан шыға сала әуежайға бет алыпты. Сонымен қатар, жат жұрттағы жол апатынан мерт болған қарағандылық Аида Сарабаеваның денесі бүгін елге жеткізіліп, жерленді. Естеріңізге сала кетсек, 6 тамызда Түркиядағы Памуккале-Анталия тас жолында туристер мінген автобус аударылып, 4 адам көз жұмған еді. 32 турист жарақат алған.

Соңғы жаңалықтар