Түркияға демалуға барып далада тентіреп қалғандар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияға демалуға барып далада тентіреп қалғандар шу шығарды

Түркияға демалуға барып далада тентіреп қалғандар шу шығарды

Дауға айналған демалыс! Түркияда демаламыз деп, тентіреп қалған туристер жалған жолдама сатқан адамды әлі күнге дейін жауапқа тартқыза алмай жүр. Әккі әйел әр жаз сайын өзін «турфирма басшысымын» деп таныстырып, жұрттан ақша жинап жүріпті. Алданғандардың арасында -  Алматы, Шымкент, Атырау мен Ақтау тұрғындары , тіпті турагенттер де бар. Бүгін олар арманға айналған сапардың ақысын сұрап алдаған әйелдің үйіне барды.     

  • 10 Желтоқсан 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бұл — Түркиядағы ең қымбат отельдердің біріне арналған жолдама. Айы-күні, тіпті туристтің атына тіркеліп қойған бөлменің нөмірі де жазылған. Тек бір кілтипан –ұшақ билеттеріне дейін бәрі жалған.                

Светлана Айтмұратова, турист:

-Түркиядағы қонақ үйге хабарласқанымызда онда тізімде жоқ болып шықтық. Тіпті, ақшамыз да төленбепті. Жолдаманың бәрі жалған екен.

Светлана жалған жолдамасын былтырғы жаздан бері тастамай алып жүр. Тағы 80 адамның қолында дәл осындай қағаз. Туристерді алдаған әйел биыл жазда ұсталғандай болған. Бірақ, жүкті болған соң тәртіп сақшылары босатып жіберіпті. Айы-күні жетіп босанған келіншек енді ұпайы түгел үйінде отыр екен.     

Елмира Айтбаева, туристік агенттік директоры:

-Сол Шарапова босанып алды. Босанып алғаннан кейін біз тиіспейміз, жарайды сол іс жүргізілетін шығар деп ойласақ, әлі мүлдем қозғалыс жоқ

-Өзіміздің ақшамызды алғымыз келіп жүр енді. Туристер шаршап біттік, қашанға дейін жүреміз?

Галина Шарапова 60 миллион теңге үптеп кетті дейді алданғандар. Әуежайдан тіке үйіне қайтқан туристер алғашқыда агенттіктерге лап қойған.      

-Туристердің айтпағаны жоқ! Туристердің боқтағаны, жаман сөздер енді естідік..

Бірақ, турагенттіктердің де алданғаны белгілі болды. Яғни, бірінен-мәліметтер ұрласа, екіншілеріне – жолдама жасап сатқан. Қулығына құрық бойламайтын келіншек тіпті, тәртіп сақшыларын да алдап кетіпті.      

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД ресми өкілі: 

-Оның мекен жайы, тұрғылықты жері қазіргі таңда белгісіз. Яғни ол тергеу орындарынан қасақана тығылу үстінде. Бұл жасаған әрекеттері үшін 10 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімі көзделіп отыр.

Тергеуден тығылып жүрген Галина Шарапованы шарқ ұрып іздеген туристер оның үйіне барғанымен, онда да келіншекті таба алмады. Көбі — сонау Атырау, Ақтаудан келіп сандалып жүр. Бірақ, күдікті көпке бармайтынға ұқсайды. Өйткені, бір емес 5 бірдей қылмыстық іс қозғадық деген тергеушілер жақын күндері оның суретін бүкіл елге жариялап, іздеу салмақ.

Соңғы жаңалықтар