Түркияға кел... "Кара Севда"-ның танымал актері Тәуекел Мүсілімге ерекше ұсыныс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияға кел... "Кара Севда"-ның танымал актері Тәуекел Мүсілімге ерекше ұсыныс айтты

Түркияға кел... "Кара Севда"-ның танымал актері Тәуекел Мүсілімге ерекше ұсыныс айтты

Қазақ актерлары бір орында тұрып қалмай, жаһандық кинотуындыларда да бой көрсетіп келеді. 

  • 7 Ақпан 2020
  • 285
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы НТK арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Шет елде үлкен сұранысқа ие актерлардың тағы бірі – Тәуекел Мүсілім. Ол өткен жылы өзбек режиссері Рустам Сагдиевтің криминалды драмасына шақырту алып, басты рөлдердің бірін сомдаған болатын. Алғашқы бөлімі 2016 жылы жарық көрген бұл туынды – Өзбекстан, Ресей және Түркия елі бірігіп таспалаған халықаралық жоба.

Тәуекел Мүсілім, актер:

Шығу керек, тек қана Қазақстанмен шектелмей! Осы «Баронда» Каан мырзамен таныстым. «Kara Sevda»-да түскен. Сол кісімен жақсы танысып, екеуміз біраз әңгіме-дүкен құрдық, ол кісіден өз пікірін сұрадым, жалпы Түркия киноматографиясы жайлы, кастингіне келетін болсам, менде қаншалықты мүмкіндік бар деген сияқты. Ол кісі кел деп жатыр.

Жақында ғана Ресейлік қос бірдей фильмде ойнаған Санұржан Сүлейменов осының айқын дәлелі десек болады.

Санұржан Сүйлейменов, актер:

– Өмірімде ең үлкен «хюдж» площадкада болып көрдім. Сіздерге бірінші рет айтайын. Ол алдын ала кішігірім секрет болған. «Майор гром» деген киноға түстім.

Санұржан «қазақ актерларының шет елде үлкен сұраныста екенін айтады.


– Айта кететін жайт, қазақ актерлері Ресейдің площадкасына келгенде «профессионал» деген брендке айналып жатыр. Неше түрлі қазақ актерлері бар Ресейде жұмыс істейтін. Оның ішінде Санжар Мәдиев, Аружан Джазильбекова, арасында Еркебұлан Дайыровтар бар.

Біраз отандық фильмдерде бой көрсетіп үлгерген Еркебұлан Дайыров та әлемдік кино аренаны бағындыруға ниетті. Өткен жылы Ресейлік «Тобол» драмасында жоңғар қолбашысының рөлін сомдаған ол, енді тоқтап қалмайтынын айтады.

Еркебұлан Дайыров, актер:

— Біздің Номад каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов ағамыз. Сол кісі жаңағы режиссерға Игорь Зайцевқа мен туралы айтып, видео проба арнайы кастингке, жабық кастингке барып қатысып, сол кісінің көңілінен шығып, киноға өткен жайымыз бар.

Жоғарыда аты аталған актерлерден бөлек: Бейбігүл Ақтан, Аружан Жазылбекова, Санжар Мәдиев, Асқар Ілиясов, Самал Еслямоваға да жаһандық киноиндустрияда сұраныс артып келеді.

Соңғы жаңалықтар