Оған себеп — қазіргі таңда «Хабар» телеарнасында көрермен көзайымына айналған «Осколки» атты телесериалда басты рөлдерді сомдаған әріптесі Еркан Петеккаямен арасындағы түсініспеушілік. Жағдайдың ушыққаны соншалық, дау танымал актрисаның сериалдан кетуімен бітер емес. Яғни аттары аталған актерлер сотқа дейін барды. «Кезекті түсірілім кезінде, сценарий бойынша, Еркан Петеккаямен сүйісуім керек болатын. «Мен сүйісетін сценарийге түсе алмаймын. Сен осындай сахналарды сомдағанды жақсы көресің. Сенің бұндай рөлдерге етің өліп кеткен», — деді. Бұдан кейінгі жағдай көпшілікке белгілі» деген Нұргүл Йешилчай, Еркан Петеккаяға телефон арқылы «Дарақы, парықсыз қалпыңнан тайма. Тіпті емделгенің жөн болар. Өзіңді кім санайсың?» деген мәндегі хабарламалар жіберген. Қазіргі күні сол хабарламалары басына бәле болып жабысқан актрисаға үш айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі төнуде. «Сот отырыстарында маған қарсы айғақ ретінде қолданылған хабарламаларды жолдауыма Петеккаяның өзі себеп болды. Менің тек өзімді қорғауым керек болды. Бұл жерде құқығы тапталып отырған менмін» деп жауап берген журналистердің сұрақтарына.