Түркиялық әскерилер еліміздің шекарашыларына арнап адам саудасымен күрес мәселесі бойынша семинар өткізді - kaz.caravan.kz
  • $ 520.02
  • 608.79
0 °C
Алматы
2025 Жыл
12 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиялық әскерилер еліміздің шекарашыларына арнап адам саудасымен күрес мәселесі бойынша семинар өткізді

Түркиялық әскерилер еліміздің шекарашыларына арнап адам саудасымен күрес мәселесі бойынша семинар өткізді

Бүгін, 22-шілдеде Алматыда Түркия Республикасының мобильді жаттықтырушылар тобы еліміздің шекарашыларына арнап адам саудасымен күрес мәселесі бойынша өткізген семинар аяқталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Шiлде 2005
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Дәрістің мақсаты — адам ұрлау және оны сатумен күрес мәселесі бойынша өзара тәжірибе алмасу болып табылады»,- деді семинардың жабылу рәсімінде Түркияның Қазақстандағы елшілігінің әскери атташесі Әли Өзқара. Сонымен бірге қазақстандық шекарашылар түркиялық әріптестерінің қылмысты әшкерелеу мақсатында пайдаланатын техникасымен танысты.

Түркиялық әскерилер осындай семинарларды Грузия, Әзербайжан, Македония, Румыния, Албания және Украинада өткізген. Осындай семинар былтыр Қазақстанда да ұйымдастырылды. Онда шекаралық қауіпсіздік тақырыбы әңгіме өзегіне айналды. «Ал келесі жылы шекара қызметіне қажетті тақырып бойынша семинар өткізу межеленіп отыр»,- деді Ә.Өзқара.
Семинарға қазақстандық 20 шекарашы қатысты. Оқыту бағдарламасы бес күнге созылды. Түркия Республикасының мобильді жаттықтырушылар тобы осы ел Қарулы күштерінің бейбітшілік үшінгі ынтымақтастық оқыту орталығында жасақталған.

Перейти к новостям спорта