Оның айтуынша, Семейге Стамбул мен Измирден келген 9 кәсіпкер осында тоқыма және мұнай өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы кәсіпкерлік мүмкіндіктерін зерттеуде.
Кәсіпкерлердің бірі Емин Ергунның айуынша, олар Семейлік кәсіпорындардың мүмкіндігімен кеңірек танысу үшін келіпті. «Осында тігін фабрикалары көп болуына байланысты, бірінші кезекте, тоқыма өнеркәсібі саласында ынтымақтастық орнатуымыз мүмкін»,- деді ол.
19-мамында Түркиялық кәсіпкерлер Семейлік әріптестерімен жүздесіп, бірқатар жеке кездесулерді жоспарлады. Нәтижесінде болашақ ықпалдастықтың кескін-келбеті айқындалмақ. Сондай-ақ, Семейге сапары барысында Түркиялық кәсіпкерлер қарттар мен мүгедектерге арналған жергілікті интернатқа қайырымдылық көмек көрсетіп, Семейдегі қазақ-түрік лицейіне 18 мың доллардың жабдықтарын табыс етті.