Түркиялық және Семейлік кәсіпкерлер өзара ынтымақтастықты нығайтпақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиялық және Семейлік кәсіпкерлер өзара ынтымақтастықты нығайтпақшы

Түркиялық және Семейлік кәсіпкерлер өзара ынтымақтастықты нығайтпақшы

Түркиялық кәсіпкерлер Семейлік әріптестерімен ынтымақтастық орнатуғы ниет білдіріп отыр. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Семей қалалық өнеркәсіп, көлік және байланыс комитетінің төрағасы Серікбек Бақтажаров хабарлады.

  • 20 Мамыр 2004
  • 425
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, Семейге Стамбул мен Измирден келген 9 кәсіпкер осында тоқыма және мұнай өнеркәсібі мен құрылыс саласындағы кәсіпкерлік мүмкіндіктерін зерттеуде.

Кәсіпкерлердің бірі Емин Ергунның айуынша, олар Семейлік кәсіпорындардың мүмкіндігімен кеңірек танысу үшін келіпті. «Осында тігін фабрикалары көп болуына байланысты, бірінші кезекте, тоқыма өнеркәсібі саласында ынтымақтастық орнатуымыз мүмкін»,- деді ол.
19-мамында Түркиялық кәсіпкерлер Семейлік әріптестерімен жүздесіп, бірқатар жеке кездесулерді жоспарлады. Нәтижесінде болашақ ықпалдастықтың кескін-келбеті айқындалмақ. Сондай-ақ, Семейге сапары барысында Түркиялық кәсіпкерлер қарттар мен мүгедектерге арналған жергілікті интернатқа қайырымдылық көмек көрсетіп, Семейдегі қазақ-түрік лицейіне 18 мың доллардың жабдықтарын табыс етті.

Соңғы жаңалықтар