Түркиялыққа тұрмысқа шыққан қазақ келіншек түрік жігіттерінің артықшылығы туралы айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркиялыққа тұрмысқа шыққан қазақ келіншек түрік жігіттерінің артықшылығы туралы айтты

Түркиялыққа тұрмысқа шыққан қазақ келіншек түрік жігіттерінің артықшылығы туралы айтты

Түркия азаматтарына тұрмысқа шығып жатқан қазақ қыздары өте көп. Олардың бірі отанында қалса, енді бірі аталған елге кетіп қалады. Ал Түркияны сонда бірнеше жыл тұрғаннан кейін ғана танып біле аласыз.

  • 24 Наурыз 2017
  • 22238
Фото - Caravan.kz


Дина Байрам – бақытын шет елден тапқан әйелдердің бірі, деп жазады 365info.kz. Түркияға 6 жыл бұрын кеткен ол аталған интернет-порталға сұхбат беріпті.

Онда Динаның, әсіресе, Қазақстан мен Түркия еркектері арасындағы айырмашылыққа қатысты сұраққа жауабы қызығырақ сияқты. Сонымен, біздің қыз бүй депті:

«Түріктер (жігіттерін айтып отыр – ред.) ашық-жарқын, сенгіш және қандай мақсатпен келгенін жасырмайды. Егер ол сізді өзіне жар еткісі келсе, мұны бірден түсінесіз. Ол түлкібұлаңға салуды ұнатпайды. Көңілін нақты білдіреді. Отбасыңызбен танысқысы келеді. Қызды да міндетті түрде өз анасымен таныстыруы керек. Жалпы, қарым-қатынас секс үшін жасалмайды. …Қазақстанда жігіттер бірден бірнеше қызбен жүре береді. Ешқайсысына да дұрыс ниетпен бармайды. Ал жігіттің анасы үшін келін табан астынан келген «тосын сый» секілді болып шығады».

Соңғы жаңалықтар