Түркияның әскери әуе күштері елдің оңтүстік-шығысындағы содырларға соққы жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның әскери әуе күштері елдің оңтүстік-шығысындағы содырларға соққы жасады

Түркияның әскери әуе күштері елдің оңтүстік-шығысындағы содырларға соққы жасады

6 қыркүйек күні Түркияның Иракпен шекараласатын Хаккяри провинциясында Күрдістан жұмысшылар партиясы (КЖП) содырлары түрік армиясының екі бронды машинасын жарып жіберді.

  • 7 Қыркүйек 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz


NTV телеарнасының хабарлауынша, осыған байланысты аймақта содырлардың көзін жоюға бағытталған әскери іс-қимыл басталып кетті. Түркия Әуе күштерінің жойғыш ұшақтары КЖП нысандарына әуеден соққы жасады, деп хабарлады ТАСС. 

CNN Turk телеарнасының хабарлауынша, содырлармен атыс кезінде қарулы күштердің біршама адамы қаза тауып, бірқатары жараланған. Ал, Reuters агенттігінің хабарлауынша, шабуыл кезінде 15 түрік сарбазы қаза тапты. Алайда, мерт болғандар туралы ресми ақпарат әзірге тараған жоқ.

Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған телеарналарда сөйлеген сөзінде Хаккяридағы түрік әскеріне шабуылдан кейін контреррорлық әрекет аяусыз болатынын мәлім етті.

Соңғы жаңалықтар