Жарияланды: 400

Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзалдың уланғаны анықталды

Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзалдың уланғаны анықталды

Сүйектері өткен айдың басында эксгумацияланған Түркияның бұрынғы президенті Тұрғыт Өзалдың уланғаны анықталды.

Бұл туралы бүгін жергілікті БАҚ хабарлады. Сот-медициналық сарапшылардың қорытындысы бойынша, зерттеу барысында оның денесіндегі тканьдардің үлгілерінде стрихнин негізіндегі қатты әсер ететін у барлығы анықталды. Бұрынғы мемлекет басшысының ағзасына ол тамақ немесе сусындар арқылы кіруі мүмкін деп есептейді мамандар. Тұрғыт Өзал 1993 жылдың 17 сәуірінде инфарктан көз жұмды. Бұрынғы түрік көшбасшысының өліміне не себеп болғанын анықтауды оның туыстары талап еткен еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін