Жарияланды: 420

Түркияның экс-президенті Тұрғыт Өзалдың мүрдесінен у табылды

Түркияның экс-президенті Тұрғыт Өзалдың мүрдесінен у табылды

1993 жылы дүниеден өткен Түркияның экс-президенті Тұрғыт Өзалдың мүрдесінен у табылды, алайда ол қайтыс болуына әкеп соқты ма - сот-медициналық сараптама нақты айта алмады, сарапшылардың пікірлері әртүрлі.

Бұл туралы жергілікті БАҚ мәлім етті, деп хабарлайды ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі. Мәйітті ашуды жүзеге асырған Ыстамбұл сот-медициналық сараптамасының баяндамасы жоғарғы құзырлы органдарға және Анкара прокуратурасына жіберілді, енді олар ресми мәлімдеме жасауы тиіс. Өзалдың Ыстамбұлдағы кесенесіндегі бейіті қазан айында оның өлімінің себептерін қайтадан тексеру үшін Анкара прокуратурасының шешімімен ашылған болатын. Эсгумация жасалғаннан кейін Түркияның экс-президентінің мүрдесі құрметпен қайтадан жер қойнына берілді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін