Түркияның ең дамыған провинцияларының бірі - Қожаеліде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.16
  • 480.39
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркияның ең дамыған провинцияларының бірі - Қожаеліде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Түркияның ең дамыған провинцияларының бірі - Қожаеліде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды

Түркияның жетекші индустриалды дамыған провинцияларының бірі - Қожаеліде Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды.

  • 11 Желтоқсан 2012
  • 368
Фото - Caravan.kz

Құрметті консул болып белгілі түрік кәсіпкері, «Кибар холдинг» ірі компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы Әли Кибар тағайындалды.

«Кибар холдинг» 1984 жылы құрылған. Холдингтің негізгі еншілес компаниялары: «Ассан Алюминий» АҚ — Түркияның алюминий өндірісі мен өңдеу зауыты, «Ассан Челик» АҚ — металлургиялық зауыты, «Ассан Панель» АҚ және «Ассан Япы» АҚ — құрылыс материалдарының өндірісі бойынша зауыттар, «Hyundai Ассан Отомотив» АҚ — «Хюндай» автомобильдерін және оларға қосалқы бөлшектер жасайтын зауыт, «Ассан Гыда» АҚ — азық-түлік өнімін өндіретін зауыт, «Ассан Билешим» АҚ — инновациялық-технологиялық компания.

«Кибар холдинг» компаниясының жылдық айналымы 5 млрд. АҚШ долл. құрайды.

ҚР Құрметті консулдығы ашылған Қожаелі провинциясы мұнай өңдеу, химия, металлургия және кеме жасау саласындағы елдің ірі зауыттары мен фабрикалары орналасқан қуатты индустриалды база ретінде белгілі. Дәстүр бойынша Қожаелі Түркияның автомобиль өнеркәсібінің орталығы болып табылады және индустриалық дамуы бойынша елде Ыстамбұлдан кейінгі екінші орынға ие. Өңірде «Хюндай», «Тойота» және олардың қосалқы бөлшектерін жасайтын зауыттар, мұнай өңдеу «Петким» зауыттары және т.б. бар. Қожаеліде 3 мыңдай ірі зауыт пен фабрика бар, 16 ұйымдастырылған өнеркәсіптік аймақ орналасқан. Тұтасымен алғанда провинцияда шағын және орта бизнестің 100 мыңнан астам субъектісі өз қызметін жүзеге асыруда. Сонымен бірге Қожаелінің тарихқа өте бай екенін атап өту керек. «Қожаелі» атауы осы жерлерді 1320 жылы жеңіп алған, Осман империясының негізін қалаушы І Османның үзеңгілестерінің бірі Акча Қожадан қалған.

Құрметті консулдықты салтанатты ашу рәсіміне Түркия Индустрия, ғылым және технология вице-министрі Давут Кавраноғлы, провинция вице-губернаторы Әли Созен, қала мэрі Ибрагим Караосманоғлы, сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығы, қала мен өңірдің элитасы, соның ішінде жетекші кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер, көрнекті ғылым, мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, Түркия Парламентінің депутаттары, ұлттық және аймақтық БАҚ өкілдері қатысты.

Рәсімде сөйлеген сөзінде Түркия Индустрия, ғылым және технология вице-министрі Давут Кавраноғлы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасында Тәуелсіздіктің 21 жылы ішінде Қазақстанның қол жеткізген табыстарын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ қатысушыларды Қазақстан мен Түркия дипломатиялық қатынастарының орнағанына 20 жыл толуымен құттықтады. Д.Кавраноғлы провинцияның бизнес топтары Қазақстанмен сауда-экономикалық қатынастарға белсенді қатысуға тиіс деген сенім білдірді. Бұл орайда ол Қазақстанның Құрметті консулы болып тағайындалған, осы саладағы құрметті миссия жүктеліп отырған Ә.Кибарды құттықтады.

Өз кезегінде Елші Ж.Түймебаев ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының, Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған индустриалық-инновациялық дамуын жеделдету жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының негізгі ережелері, ҚР сыртқы саяси бастамалары, соның ішінде ҚР-дің ЕҚЫҰ-дағы 2010 ж., ИЫҰ-ғы — 2011 ж. төрағалығы, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың бастамасы бойынша құрылған Түркі кеңесі, сондай-ақ «ЭКСПО-2017» дүниежүзілік көрмесін өткізудегі Астананың жеңісі туралы ақпарат берді. Түрік инвесторларын еліміздің ірі инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды және тікелей Қазақстан аумағында түрік өнеркәсіпшілері үшін жаңа мүмкіндіктер беретін Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы күшіне енген біртұтас кедендік аймаққа назар аударды. Қазақстан Елшісі Қазақстанда бірлескен қазақстан-түрік индустриалдық аймақтарын құру жөнінде жүргізілген іс-шаралар туралы айтып берді.

Салтанатты рәсім аяқталған соң Құрметті консулдықтың ашылуы және қазақстан-түрік дипломатиялық қатынастарының 20 жылдығын тойлау құрметіне қонақасы ұйымдастырылды. Қонақасына қатысушылар Қазақстан туралы суреттер көрмесімен танысу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шара барысында сондай-ақ Елшілік түрік тілінде шығарған Қазақстан және еліміздегі инвестициялық аухал туралы кітаптар да ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар