Түркияның оңтүстік-шығысында тікұшақ құлады, 17 әскери қызметкер қаза болды

Сиирт провинциясы губернаторының сөзіне қарағанда, апат ауа райының қолайсыздығынан болды.

Губернатор Ахмет Айдын сондай-ақ, қаза тапқандардың барлығы арнайы мақсаттағы бөлімшенің әскери қызметкерлері болғандығын хабарлады.

Түркияның оңтүстік-шығыс аудандары күрд содырларына қарсы жүргізілетін түрік армиясының операциялар аймағы болып табылады.