Түркмен билігі Абаданды жауып тастап, жарылыстардың бейне түсірілімін таратпай отыр
|
Түркменстанның Абадан қаласындағы жарылыстарға қатысты нақты ақпаратты білу мүмкін болмай тұр. Ел астанасы Ашхабадтан 18 шақырым жердегі қалада кешелі бері төтенше жағдай. Бірақ түркмен билігі Абаданды толық жауып тастап, орын алған жарылыстардың бейне түсірілімін таратпай отыр.
Ал шетелдік ақпарат құралдарының хабарлауынша, мұнда ең үлкен әскери қоймалардың бірі өртенуде. Жарылған бомба, снарядтар ондаған үйді жермен-жексен еткен. Жарылмағандары көшеде шашылып жатқан көрінеді. “Қаза тапқандар да ондап саналады, маңайдағы тұрғындар қауіпсіз жаққа жапай көшірілуде” -деп жазады шетелдерде тіркелген түркмен басылымдары. Қалада электр, газ бен су тоқтаған. Ал көшелерді полиция мен әскерилер бақылауда. Бірақ,ресми билік мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Айтуларынша, күннің ыстығынан пиротехника сақталған қойма өртеніпті. Өлгендер де, қираған ғимараттар да жоқ екен.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін