Түркмен шекарасын абайсызда кескен 7 отандасымыз ұзақ мерзімге абақтыға қамады
|
Түркмен шекарасын абайсызда кесіп өткен Қазақстанның 7 азаматы ұзақ мерзімге абақтыға тоғытылды. Шекара бұзды, қару-жарақ тасымалдады деп айыпталған отандастарымызды Сыртқы Істер министрлігі құтқарып алмаққа талпынған. Тіпті қарсылық нотасын да жіберген еді. Алайда екіжақты келіссөздер нәтижесін бермеген сыңайлы.
Түрікмен соты ұсталғандардың алтауын -7 жылға, ал біреуін - 8 жылға бас бостандығынан айырған. Естеріңізге салсақ, 19 қазанда Маңғыстау облыстық көші-қон полициясының 4 қызметкері келімсектерді құрықтаймыз деп жолға шығып, кейін адасып қалған болатын. Жолшыбай 3 аңшыны кезіктіреді. Барлығы бірігіп бағыт сұрамақ боп әскерилерге жолығыпты. Сөйтсе жөн сұрауға барғандары Түркіменстанның «Гарабоғаз» Мемлекеттік шекарасының қызметкерлері екен. Сол жерде бәрінің қолына кісен салынған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін