Түркмен шекарасын абайсызда кескен 7 отандасымыз ұзақ мерзімге абақтыға қамады - kaz.caravan.kz
  • $ 509.26
  • 574.75
+24 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркмен шекарасын абайсызда кескен 7 отандасымыз ұзақ мерзімге абақтыға қамады

Түркмен шекарасын абайсызда кескен 7 отандасымыз ұзақ мерзімге абақтыға қамады

Түркмен шекарасын абайсызда кесіп өткен Қазақстанның 7 азаматы ұзақ мерзімге абақтыға тоғытылды. Шекара бұзды, қару-жарақ тасымалдады  деп айыпталған отандастарымызды Сыртқы Істер министрлігі  құтқарып алмаққа талпынған. Тіпті қарсылық нотасын да жіберген еді. Алайда екіжақты келіссөздер нәтижесін бермеген сыңайлы.

  • 8 Желтоқсан 2012
  • 315
Фото - Caravan.kz


Түрікмен соты ұсталғандардың алтауын -7 жылға, ал біреуін — 8 жылға бас бостандығынан айырған. Естеріңізге салсақ, 19 қазанда Маңғыстау облыстық көші-қон полициясының 4 қызметкері келімсектерді құрықтаймыз деп жолға шығып, кейін адасып қалған болатын. Жолшыбай 3 аңшыны кезіктіреді. Барлығы бірігіп бағыт сұрамақ боп әскерилерге жолығыпты. Сөйтсе жөн сұрауға барғандары Түркіменстанның «Гарабоғаз» Мемлекеттік шекарасының қызметкерлері екен. Сол жерде бәрінің қолына кісен салынған.