Түркменстан шекараны бұзған қазақстандықтарға жылдың соңына дейін рақымшылық жасауы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркменстан шекараны бұзған қазақстандықтарға жылдың соңына дейін рақымшылық жасауы мүмкін

Түркменстан шекараны бұзған қазақстандықтарға жылдың соңына дейін рақымшылық жасауы мүмкін

Түркменстан аумағына кездейсоқ өтіп кеткен Қазақстанның жеті азаматына желтоқсан айында рақымшылық жасалуы ықтимал.

  • 20 Желтоқсан 2012
  • 557
Фото - Caravan.kz

«Көптеген мемлекеттердің тәжірибесінде бар,Түркменстанда да бар. Мемлекеттік дәрежедегі мейрам күндері , біздің мемлекеттегідей,әдетте рақымшылық жасалады.Желтоқсан айында олардың мемлекеттік мерекесі бар», деді бейсенбі күні Астанада журналистерге Қазақстан Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметі директорының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков.

«Сондықтан,рақымшылық жасалуына қарай мерзімді қысқартуы немесе басқаша шешім шығарылуы мүмкін» деді ол.
«Түркменстанда мемлекеттік мерекелерді ескере отырып, не босататын, не жазаны өтеу мерзімін азайтатын.Осындай сәттер кездесетін», деп атап көрсетті ол.
Бұдан бұрын хабарланғандай,биылғы жылы 19 қазанда қазақстандық шекарашыларға түркмендік әріптестерінен хабар түсті.Қазақстанның жеті азаматы мемлекеттік шекараны заңсыз өткені үшін ұсталған.Қазақстан Сыртқы істер министрлігі түркмен құқық қорғау органдары ұстаған өз азаматтарына байланысты Түркменстанның Сыртқы істер министрлігіне нота жолдаған болатын.