Түркменстан шекарасын заңсыз кесті деп қамалған 7 отандасымыздың тағдыры әлі белгісіз - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркменстан шекарасын заңсыз кесті деп қамалған 7 отандасымыздың тағдыры әлі белгісіз

Түркменстан шекарасын заңсыз кесті деп қамалған 7 отандасымыздың тағдыры әлі белгісіз

Түркменстан шекарасын заңсыз кесті деп қамауға алынған 7 отандасымыздың тағдыры әлі шешілер емес. Еліміздің Сыртқы Істер министрлігі көрші елге наразылық нотасын жолдағанымен тұщымды жауап ала алмай отыр.

  • 30 Қазан 2012
  • 413
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге сала кетсек, 19 қазанда Жетібай аудандық көші қон полициясының 4 қызметкері заңсыз жүрген келімсектерді құрықтауға жолға шығамын деп бастары пәлеге қалған-ды. Тәртіп сақшылары жолшыбай адасып қалған. Жолда осындай жағдайға душар болған үш аңшыны жолықтырып, бағыт сұрау үшін әскери киімдегі адамдарға жолығыпты. Олар түркмен шекарашылары екен. Барлығының қолына сол жерде кісен салынады. Бөгде мемлекеттің шекарасын заңсыз кесіп өткені және заңсыз қару -жарақ тасымалдады деген айыппен үстерінен қылмыстық іс те қозғалады. Қазіргі таңда отандастарымыз Балқанабад қаласындағы уақытша тергеу абақтысында отыр. Ал Сыртқы Істер министрлігі бауырлас ел орын алған оқиғаға түсіністікпен қарап, Қазақстан азаматтарын босатарына  үміттеніп отыр. Әзірше нәтиже бермегенімен екіжақты келіссөздер жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар