Түркменстанда шекара бұзып қару тасыды деген күдікпен 7 отандасымыз қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркменстанда шекара бұзып қару тасыды деген күдікпен 7 отандасымыз қамауға алынды

Түркменстанда шекара бұзып қару тасыды деген күдікпен 7 отандасымыз қамауға алынды

Түркменстан шекарашылары 7 отандасымызды қамауға алды. Олар шекараны заңсыз өту және қару-жарақ контрабандасы бойынша айыпталуда. Ұсталғандар арасында Маңғыстау облыстық көші-қон полициясының 4 қызметкері және 3 аңшы бар. Қазақ-түркмен шекарасындағы бұл жағдай бір апта бұрын орын алғанымен, енді ғана белгілі болып отыр.

  • 26 Қазан 2012
  • 587
Фото - Caravan.kz

Қайрат Өтебай, Маңғыстау облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

Бағыттан адасып, абайламай көрші мемлекет шекарасына өтіп кетеді. Шекара қызметкерлері киетін киімдегі адамдарды көріп, сол адамдарға жақындап, жүрген бағыттарын анықтау кезінде біздің полиция қызметкерлері Түркменстан шекарашыларымен ұсталған болатын.

Осылайша келімсектерді ұстаймыз деген тәртіп сақшыларының өзі шекараны заңсыз өтіп кеткен көрінеді. ІІД-лердің сөзінше, отандастарымыз аңдардың қоныс аударуы үшін қарастырылған аймақтан өтіп кеткен екен. Ол аралықта қоршау мен айқындайтын белгілердің жоқ болғандығынан полицейлер емін-еркін қозғалыпты. Ақпараттарға қарағанда, отандастарымыз 3 күн бойы Бекдаш қаласында ұсталып, кейін Балқанабадтағы уақытша тергеу абақтысына ауыстырылған. Қазіргі уақытта түркмен жағы ұсталғандарға қатысты шекараны заңсыз кесті, қару-жарақ тасымалдады деп іс қозғапты. Мән-жайды еліміздің Сыртқы істер министрлігі анықтап жатыр.


Ілияс Омаров, ҚР СІМ баспасөз хатшысы:

Түркменстанның Сыртқы Істер министрлігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сонымен қатар қарсылық нотасын да жібердік. Енді біз Түркмен жағының рұқсатын күтеміз. Ұсталған Қазақстан азаматтарымен консул кездесуі қажет.

Соңғы жаңалықтар