Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ

Түрме қызметкерлері жабылып зорлаған Слекишина сұлулық салонын ашпақ

Наталья Слекишина көп уақыттан бері өзін тәртіп сақшыларының жабылып зорлағанын айтып шағымданған-ды. Артынша ол өзін зорлаған азаматтар

  • 4 Наурыз 2017
  • 2156
Фото - Caravan.kz

Наталья Слекишина көп уақыттан бері өзін тәртіп сақшыларының жабылып зорлағанын айтып шағымданған-ды. Артынша ол өзін зорлаған азаматтардың бірінен бала туды. Аталған оқиға қоғамды елең еткізгендіктен, Руслан Хәкімовтың үстінен іс қозғалды. Ақыры оның кінәсі дәлелденіп, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Слекишина бостандыққа шықты.

Бұл туралы «Другая правда» бағдарламасында айтылды.

Слекишинаның бостандыққа шыққанына бірнеше апта болды. Дәл қазір ол өзінің қорғаушысының қарамағында өмір сүріп жатыр. «Қоғамға қайта сіңісу қиын екен. Бірақ менің қолымнан бәрі келеді деп ойлаймын. Мені көшеде бірден таниды. Осы сәтте өзімді жайсыз сезінемін. «Сіз Наталья емессіз бе?!» деп бас салады. Мен «Жоқ» деп қаша бастаймын. Артынша мойындаймын. Түрмеде үлкен тышқандар жүреді. Ең қызығы, олар адамнан қорықпайды. Дәлізде кетіп бара жатсаң, жолыңды кесіп өтеді», – дейді Наталья.

Наталья түрмеде жүріп КТК тілшілерінен көмек сұраған болатын. «Түрмеде отырған кезімде мен сол жердің қызметкерінен жүкті болып қалдым. Тамыз айында мені 4 азамат қосылып зорлады. Осыдан кейін бала тудым», – дейді ол күзде берген сұхбатында. Наталья сол сәтте қатты қиналғанын жасырмайды. Тіпті, туған қызынан бас тартпақ болған екен. Артынша оны қабылдаған. Ол қызын биологиялық әкесінің туысқандарымен араласуына қарсы емес екен.

«Мен қатты күйзеліп жүрдім. Бірақ артынша қызымның өзімнің бір бөлшегім екенін түсіндім. Ол – жай ғана сәби емес, нағыз таңғажайып. Заң бойынша, ол азамат қызымның әкесі болуға құқылы. Бір шетінен, оны қызымның әкесі деп айтуға аузым бармайды. Бірақ мен қызымның әкесі жақтағы туысқандарымен араласуына қарсы емеспін. Уақыт өте келе қызым міндетті түрде өзінің әкесі туралы сұрайтын болады… Кім қалай десе де, мен анамын. Осы атқа лайық болуым керек. Қай жерде жүрсек те, өзімізге күтім жасауды ұмытпағанымыз жөн», – дейді Слекишина.


вс

Әзірге Руслан Хәкімовтың туысқандарының Слекишинаның сәбиін қалай қабылдайтыны белгісіз. Ал Наталья сұлулық салонын ашпақ. «Дәл қазір маған балаларым ғана күш-қуат береді. Барлығын босатқаннан кейін жеңілдеп қалдым. Психолог маманға өзіме өзім көмектесе алмайтыныма көзім жеткен кезде қараламын. Дәл қазір өзімді мықты әйелмін» деп ойлаймын», – дейді ол.

Наталья алда болатын сот отырысына дайындалып жатыр. Оның қорғаушысы Айман Омарова тағы да оның құқығын қорғайтын болады.