«Түрме вице-министрдің көзімен»: Суханбердиева кітап жазады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Түрме вице-министрдің көзімен»: Суханбердиева кітап жазады

«Түрме вице-министрдің көзімен»: Суханбердиева кітап жазады

«Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын», - деді Суханбердиева.

  • 10 Шiлде 2019
  • 34
Фото - Caravan.kz

Бүгін сот залынан босатылған білім вице-министрі Эльмира Суханбердиева қамауда отырған кезде кітап жазғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Түрмеде отырған 34 күн бойы мен кітап жаздым. Оның аты – «Түрме вице-министрдің көзімен». Жақын арада жарыққа шығады. Бұл өте қызықты кітап болады. Ол мен туралы автобиография емес, сан алуан адамдардың пікірі енгізіледі. Мен оны аяқтауға жақынмын. Әдеби түзетулер ғана қалды», — деді Суханбердиева.

Оның айтуынша, бұл кітапты шетелдіктер сұрап отыр. Бірақ вице-министр оны алдымен Қазақстанда таратамын дейді.


«Қазір маған баспа орталықтары хабарласып жатыр. Олар кітапты басып беруге ниетті. Мен арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, журналистерге де таратамын», — деді Суханбердиева.

 

Соңғы жаңалықтар