Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Шымкент қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің өкілі Жазира Әуесхан мәлім еткендей, 30 қыркүйек күні Шымкент қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ИЧ-167/11 мекемесінің басшылығына пара берген әйел ұсталды. Ол қамауда отырған азаматтық некедегі күйеуіне жазаны өтеуде ыңғайлы жағдай жасауды сұрап, 1500 АҚШ доллары көлемінде заңсыз сыйақы берген.