Түрмедегі қылмыскерге қолайлы жағдай туғызған майор шенінен айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түрмедегі қылмыскерге қолайлы жағдай туғызған майор шенінен айырылды

Түрмедегі қылмыскерге қолайлы жағдай туғызған майор шенінен айырылды

 

  • 22 Қаңтар 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz


Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақмола облыстық департаменті бастығының орынбасарына 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Ақмола облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бұрын ЕЦ-166/18 мекемесі бастығының режимдік және жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, әділет майоры Р.М.Қожахметовке қатысты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті ретінде қатысты тергеу жүргізген еді. Ол азаматтан осы мекемеде жазасын өтеп жатқан ұлына жалпы қамқорлығы үшін «Qiwi» электрондық әмияны арқылы 400 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелген», — делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз хабарламасында. 21 қаңтарда Степногорск қалалық сотының үкімімен Р.М.Қожахметов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, оған 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынды және өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым иелену құқығынан, сондай-ақ «Әділет майоры» арнайы шенінен айырылды.

 

Соңғы жаңалықтар