Мұндай шара аса ауыр қылмыс жасағандардың арасында алғаш рет ұйымдастырылуда. Бұған дейін дәл осы колонияға бөгде кісі аттап басқан емес. Бүгін тілшілермен қоса, жазасын өтеп жатқандардың туыстары да әуесқой әртістердің өнерін тамашалады. Олар театрландырылған қойылым көрсетіп, тіпті пародия жанрынан да бәске түсті. 12 команданың ішінен дара шыққан үшеуі арнайы сыйлыққа ие болды.